Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Оқушылар мықтылық танытты

Дүйсенбі күні Жастар ресурстық орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 5-10 сынып оқушылары арасында «Кубик-Рубик» ойыны өтті.

Ауданда алғаш рет өткізілген шараға қатысушылар саны көп болды. Алдымен ұйымдастырушылар оқушыларды сыныбына қарай топтастырып, ойын ережесімен таныстырды. Содан соң 5-7 сынып оқушылары төрт рубик текшесін белгіленген уақытқа жеткізбей әп сәтте құрастырса, 8-10 сынып оқушылары да рубик текшесін лезде құрастырып берді. Ал, бес рубик текшесін құрастыру да оқушыларға қиындық келтірмеді.

Ойлап отырып ойнау, шапшаң қимыл оқушылардың «Кубик-Рубик» ойынына деген қызығушылығын байқатты. Минутқа жетпейтін уақыт ішінде шатасып жатқан текшелерді түсіне қарай жинақтап шығу оңай емесі анық.

Ойын нәтижесінде, 5-7 сынып оқушылары арасынан 44 секундта текшені құрастырған Сұлтан Әлмен І орынға ие болса, 1 минут 17 секундта құрастырған Әсет Смағұл ІІ орынды, 2 минутта құрастырған Базар Сәндібек ІІІ орынды иеленді. Ал, 8-10 сынып оқушылары арасындағы ойында 21 секундта текшені құрастырған Абылай Тілепі І орынды иеленсе, минутқа жетпейтін уақыт ішінде шатасқан текшені қайта жинақтаған Ақберен Ерсін мен Есен Сағын ІІ, ІІІ орындарға ие болды.

Сондай-ақ, бес рубик текшесін белгіленген уақыттан бұрын құрастырған Серік Әдемі І орынға ие болса, Бейбарыс Амангелдіұлы ІІ орынды иемденді. Ал, қарсылас келмеуіне байланысты Аңсаған Берік жүлделі орынға ие болды.

Шараны қорытындылаған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлжиһан Маратова:

–  Алдағы уақытта мұндай жарыстар әлі де өткізіледі. Сондықтан, үнемі дайындалып, шыңдала беріңіздер. Осы орталыққа келіп те жаттығуларыңызға болады. Алғаш рет ұйымдастырылған шарада осындай нәтиже көрсету көңіл қуантып отыр, – деді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521