Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Нұрлан – фестиваль жеңімпазы

Мектеп педагогтарының шығармашылық өнімін, педагогикалық идеясын тарату және кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында 16-17 қаңтар күндері Алматы қаласында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өткізілді.

Оған аудандық, облыстық кезеңнің жүлдегерлері Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрсынгүл Тұрғали, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы биология пәнінің мұғалімі Нұрлан Берденқұлов, Ғ.Сланов атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Жұмағұлова, Жаңашаруа орта мектебі география пәнінің мұғалімі Гүлшарида Қабдол мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сағыныш Ерғалиева қатысып, өз жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы биология пәнінің мұғалімі Нұрлан Берденқұлов І дәрежелі дипломмен марапатталып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.

Фестивальға қатысқан ұстаздардың жұмысы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ақпараттық әдістемелік журналына және фестивальдың жинағына енді. Енднеше, Нұрлан Берденқұловқа алдағы уақытта да өзінің шығармашылық шеберлігі арқылы жоғары жетістікке жетіп, жеңіс тұғырынан көріне берсін демекпіз.

Жәншат НҰРҒАЛИЕВА,

аудандық әдістемелік орталықтың шығармашылық бағыт бойынша әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз