Кез келген елдің қорғаны мықты болу үшін ел қорғайтын болашақ ұрпақ саналы да сапалы білім алып, Отанға деген патриоттық сезімді қанына, бойына сіңіріп өсуі тиіс.
Ол үшін әрине бірінші кезекте отбасындағы тәрбие рөлі маңызды. Тәрбиені әрі қарай жетілдіру үшін саналы білім алып, мамандық таңдау қажет. Қазақ жастарына бұл бағытта барлық жағдайлар жасалған.
Осы мақсатта мектеп және колледж бітірушілер мамандық алуға елімізде әскери оқу орындары көптеп саналады. Айталық, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің құрлықтағы әскерлерінің әскери институты (Алматы қаласы, оқу мерзімі 4 жыл), Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институты (Ақтөбе қаласы, оқу мерзімі 4 жыл), Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы қаласы, оқу мерзімі 5 жыл), Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы (Ақмола облысы Щучинск қаласы, оқу мерзімі 1 жыл 10 ай).
2012 жылдың 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 1 тармағының, 1) тармақшасына сәйкес әскери оқу орындарына түсуге әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы 17 (он жеті) жасқа толған, бірақ 21 (жиырма бір) жастан аспаған азаматтардың құқығы бар. Сондай-ақ, аталмыш Заңның 39-бабының 4-тармағымен әскери қызмет өткермеген азаматтар әскери оқу орындарына қабылданған кезде әскери қызметші мәртебесіне ие болады және әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 22-бабының талаптарына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған 14-18 жас аралығында олардың заңды өкілдерінің келісуімен келісім жасайды.
ҰБТ кезінде математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі және таңдау пәні Кәсіптік айқындаушы пән физика, химия, биология, география, бүкіл әлем тарихы жалпы білім беру пәндерімен жүргізіледі. Ал, ҰБТ тапсырмайтын оқушыларға Қөкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусына түсуге болады. ҰБТ немесе кешендік тестілеудің нәтижелері бойынша 50 және одан жоғары ұпай алған үміткерлер келесі емтихандарды тапсыруға жіберіледі. Кәсіби пән бойынша – 7 ұпайдан кем емес ұпай алу қажет. Жоғары әскери оқу орындарына түсем деушілерге 4 жылдық тегін оқу, жоғары білімді дипломын, жүргізуші куәлігін, әскери билетін және білікті әскери мамандығын алатындығын айтқым келеді. Курсант толықтай мемлекеттің қарамағында болады. Оның ішінде, мүліктік заттармен, оқу мезгілі барысында ақшамен, оқуды аяқтаған түлектердің 100 пайыз жұмысқа орналасуымен қамтамасыз етіледі. Және үш мезгіл нормалық тегін тамақтандырылады, оқу бітіргенше тегін медициналық көмек көрсетіледі және қыс мезгілінде 14 күн, жаз мезгілінде 30 күн демалыс беріледі.
Жоғарыдағы аталған әскери оқу орындарына баруға ниет білдірген үміткерлер толықтай мағлұмат алу үшін Қызылқоға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2-21-35; 2-14-43; 2-11-04 телефондарына хабарласуларына болады.
Мұхаметқали СОЛТАНОВ,
Қызылқоға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы,
майор.