banner_damu

Шәкірттеріміздің шоқтығы биік

Көздіғара ауылдық округіндегі Қоныстану балалар өнер мектебінің ұстаздары мен оқушыларының жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.

Соның бір айғағындай, Атырау қаласында таяуда «Art Rainbow» Халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ІV «Ақ сұңқар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фистиваль-конкурсына Қоныстану балалар өнер мектебінің ұстаздары оқушыларын қатыстырып, жоғары дәрежелі жетістікпен оралды. Атап айтсақ, күй номинациясы бойынша үлкен топтан Әдемі Серік пен Батырхан Жоламан қатысып, ІІ орынға ие болса, орта топтан Асылхан Әлімсәлім ІІІ орынды иеленді. Сол сияқты, дәстүрлі ән номинациясы бойынша орта топтан Өркен Сәкенұлы ІІ орынды, кіші топтан Бибінұр Үсенқызы І орынды, қобыз номинациясы бойынша үлкен топтан Дана Шойынова І орынды, орта топтан Орынгүл Қайыржан ІІ орынды еншіледі. Ал би номинациясы бойынша орта топтан «Жас дарын» бишілер тобы «Қазақтың кербез қыздары» атты биін билеп, ІІІ орынға қол жеткізсе, баян номинациясы бойынша үлкен топтан Бақберген Аманжол мен Дәулет Қайыржан ІІ орынды, орта топтан Назира Үсенқызы ІІІ орынды жеңіп алды. Бір айта кетерлігі – аталмыш сайыстан жүлде алған барлық өнерпаздарға лауреат атағы берілсе, ал, өнерпаздардың жетекшілері Жарқынай Мұқашева, Сәуле Сисенова, Сағытжан Өміров, Маргарита Ғұмарова, Құралай Ермұханова, Әйгерім Лесовалар лауреат дайындағаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Бұған қоса, шәкірттеріміз аудандық «Шеберлер қаласы: Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану, сәндік – қолданбалы шығармашылығының көрме байқауына қатынасып, «Матадан жасалған бұйымдар» номинациясы бойынша Кәусар Абайқызы І орынға ие болды.

Алдағы уақытта да мектебіміздің дарынды оқушылары мен өнерлі де білікті ұстаздарына толағай табыстар тілейміз. Осы конкурсқа қатысуға қолдау көрсеткен ата-аналарымыз бен мектебіміздің басшысы Мұрат Төлеуовке алғысымыз шексіз.

Алтынай ЖАЛЖАНОВА,

Қоныстану балалар өнер мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика