Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰБТ нәтижесі көңіл көншітпеді

Аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің І кезеңі өткен аптаның сәрсенбі-жұма күндері Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің базасында өтті.

Оған биыл мектеп бітіретін 376 түлектің 292-сі қатысты. Сынақ өткізу пунктінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды. Ұлттық бірыңғай тест тапсыру алдында оқушылар тиісті тексерулерден өтіп, өз аудиторияларына жайғасқан соң сынақ кітапшалары таратылып, жұмыстарын бастады. Нәтижесінде, 5 оқушы 100-ден жоғары балл жинаса, ең төменгі балл 23-ті көрсетті. Шығармашылық бағытта сынақ тапсырғандардың жоғары көрсеткіші 34 балл болса, ең төменгісі 2 балды құрады. Ал, ең жоғары 118 балға Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Диана Төлегенова ие болды. Ұлттық бірыңғай тест талаптарын өрескел бұзған бір оқушының сынақ жұмыстары есепке алынбай, өшірілді.

Жалпы, сынақ барысында онлайн оқу білім саласына өз салқындығын тигізбей қоймағанын байқадық. Өйткені, тест қорытындысында кейбір пәндерден ешқандай балл ала алмаған оқушылар кездесті. Нақтырақ айтқанда, үш күндік сынақта 21 оқушы 1 балл алса, 7 оқушы ешқандай балға ие болмады. Бұрынғы сынақтарда математика пәнінен төмен балл жинаса, енді оның қатарына Қазақстан тарихы пәні қосылды. Сондықтан, мұғалімдермен бірге ата-аналар да балаларының сабағын қадағалап, алдағы сынаққа мұқият дайындалуына мүмкіндік жасағандары жөн.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521