2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе көтеріліп, 330 мың теңгеден асады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайыз өседі», - деді А. Мамин.
Оның айтуынша, 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 пайыз қамтылады.
Дереккөз: inform.kz
Сурет: ашық дереккөзден