Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда «ABAY GYLYM FEST» ауқымды ғылыми фестивалі өтуде

Бүгін Атырау қаласындағы Абай орталығындағы JasSpace кеңістігінде ғылыми фестиваль басталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Фестиваль еліміздің ғылыми, сараптамалық және креативті қоғамдастығын біріктіре отырып, ата-аналар мен мектеп оқушыларына жетекші сарапшылармен, ғалымдармен және ғылым саласындағы көшбасшыларымен кездесуге, сондай-ақ STEAM (Science, Technology, Engineering Mathematics and Art) саласында құнды білім алуға мүмкіндік береді.

Фестиваль барысында түрлі тегін білім беру бағдарламалары, робототехника бойынша жарыстар, білім беру жобаларының көрмелері өтеді. JasSpace кеңістігінің жас таланттары әртүрлі бағытта өздерінің ғылыми жобаларын таныстыратын болады. Сондай-ақ Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері көпшілік алдында құнды тәжірибелерімен бөлісіп, фестиваль ағартушылық бағыттағы үлкен алаңға айналады деп күтілуде.

-Іс-шараны «Jasspace: Атырау қаласының жастарын дамыту жөніндегі бастамасы» жобасы аясында Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырып отыр. Фестиваль аясында ата-аналар мен балаларды, мектеп басшыларын, сарапшылар мен білім беру жүйесіндегі көшбасшыларды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптар мен аудиторияларды қамтитын 10 секция жұмыс істейді. Фестиваль аясында құнды тәжірибесімен бөлісетін белгілі спикерлердің қатарында Forbes Kazakhstan «30-дан 30-ға дейін» рейтингінің қатысушысы Ұлан Үсенов, «Орталық Азияның үздік педагогы» сыйлығының жеңімпазы Рүстем Ермеков, YEMAA мультидисциплинарлық кеңістігінің негізін қалаушы Әсел Ахметжанова бар. Спикерлер қатарын Қазақстанда STEAM білім беру саласын танымал етіп жүрген көптеген білікті мамандар толықтырады, – дейді JasSpace бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

Айта кету керек, «ABAY GYLYM FEST» фестиваліне кез-келген қызығушылық танытқан адам тегін қатыса алады. Ғылыми фестиваль сағат 17.00-ге дейін созылады. Тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өту ұсынылады:

http://abaygylymfest.kz/registrationБұл фестиваль – STEAM туралы білімді кеңейтуге және достық, отбасылық атмосферада ғылымнан шабыт алу үшін бірегей мүмкіндік.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521