Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қарабау, Қаракөл және Сағыз ауылындағы орта мектептер жаңғыртудан өтеді

Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев "Қызылқоға ауданының 2022 жылғы 5 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары" туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

- 2021-2022 оқу жылында ауданымыз бойынша 415 түлек мектепті аяқтады. Оның ішінде 16 түлек «Алтын белгі» иесі атанып, 11 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. 1-10 сынып аралығындағы 5229 оқушы сауықтыру-тынығу шараларымен қамтылатын болады. Сонымен қатар, 26 мамыр-17 маусым аралығында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарын қалпына келтіру, толықтыру мақсатында 13 орта мектепте жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылып, 1035 оқушы тартылатын болады, деді аудан әкімі.

Н.Бисембиевтің сөзінше, өткен жылы Жаңашаруа, Кенбай, Мұқыр елді мекеніндегі орта мектептерінің интернат, асхана және кітапханалары толықтай модернизациядан өтіп, жаңа мүліктермен толықтырылды. Сондай-ақ, Қарабау, Қаракөл және Сағыз ауылындағы №9 орта мектеп модернизациядан өтеді деп күтілуде. Ал, Жангелдин ауылындағы Миялы орта мектебі күрделі жөндеуден өтуде.

Айта кетйік, Қызылқоға ауданында 12 балабақша, 19 мектеп және 4 қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521