Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

1-сыныпқа баратын балалардың 70 %-дан астамы қазақ тілінде оқуды таңдаған

Екі айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70,5 %-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет автоматтандырылды. Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыруға болады.

 «Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүріп жатыр. Осы ретте құжаттарды тапсыруда ата-аналардың белсенділігін байқауға болады. Биыл мемлекеттік тілде білім алғысы келетін 1-сынып балалары көбейді. Қазақ тілінде оқитын сыныптарға қабылдаудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау (91%), Қызылорда (91,5%), Жамбыл (82,2%) және Атырау (80,1%) облыстарында тіркелді», - деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

 Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барлығы 400 мыңнан астам қазақстандық бала барады деп күтіліп отыр.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз