Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Алтын кілт» кубок иегері

Таяуда Мұқыр ауылдық округіндегі «Алтын кілт» бөбекжай бала- бақшасының ұжымы толағай табыстарға қол жеткізді. Айталық, Атырау қаласында өткен І Республикалық «Жайық сазы» балалар мен жастар шығармашылық байқауында би номинациясы бойынша «Құстар» биімен Саида Жақсылық, Жаңылсын Жолдас, Айдана Батыр қатысып, ІІІ орынға ие болса, Айару Жексен көркемсөз оқу номинациясынан ІІ орынды иеленді.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында «Платон» Халықаралық білім дамыту орталығының ұйымдастыруымен, «Үкілім-ай» Халықаралық өнер байқауына да аталмыш балабақша тәрбиеленушілері қатысып, әртүрлі бағытта өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, көркемсөз оқу номинациясы бойынша Даяна Қаршыға, Заңғар Рашид, Айару Жексен І орынды иеленсе, Ерасыл Ақниет бас жүлде мен кубоктың иегері атанды. Ал, би номинациясында «Көңілді тамшылар» биімен «Гүлдер» би тобы І орынды иеленді. Сол сияқты, ән бағыты бойынша «Топ-топ балақанды» Жаңылсын Жолдас пен Саида Жақсылық тамылжыта шырқап, ІІ орынды еншілесе, «Дождик» әнін шырқаған Іңкәр Атшыбай ІІІ орынмен марапатталды. Жеңіске жеткен шәкірттерімен нәтижелі жұмыс жүргізгені және лауреат дайындағаны үшін саз жетекші Айнаш Тынысбаева арнайы дипломмен, мадақтамамен марапатталып, аталмыш балабақша меңгерушісі Сапура Сәрсенғалиева Алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ, байқауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген балабақша ұжымына кубок табысталды.

Лаура НАРИМАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT