Өткен аптада облыстық Білім беру басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында 6 сәуір күні мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы балалардың «Білім жолымен» атты облыстық олимпиадасы болып өтті.
Оған аудандық олимпиададан І орынды алып, облыстық жолдамаға ие болған «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының ересектер тобының тәрбиеленушісі Мейірлан Нұрмағанбетұлы қатысты. Нәтижесінде, «Ойлан тап» номинациясы бойынша Мейірлан Нұрмағанбетұлы ІІ орынмен марапатталды. Мейірланның осындай жақсы жетістікке жетуі ұстаздары Салтанат Орынбасарқызы мен Нұргүл Ашықбайқызының еңбегінің жемісі деп білеміз.
Өз тілшіміз.