Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстан мектептерінде бұдан былай ата-аналар жиналысы өткізілмейді

ҚР білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде ата-аналар жиналысының форматы өзгеріп жатқанын айтты. Оның ойынша, барлық ата-аналарды бір сыныпқа жинап, балалардың үлгерімін талқылаудың қажеті жоқ.

"Мектептерде ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өткен жылы ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу тапсырылды. Бұрынғыдай барлық ата-аналарды сыныпқа жинап, баланың үлгерімі мен мінез-құлқын талқылаудың өажеті жоқ. Басқа ата-ананың көзінше басқа біреудің баласын талқылауға болмайды. Әрбір ата-анаға баласының үлгерімі мен мінез-құлқы туралы ақпарат берілуі керек. Әрине, сіздің көзіңізше баласының үлгерімін талқылайтындықтан оның ата-анасы мектеп жиналыстарына келгісі келмейді", - деді министр.

Аймағамбетов мұғалімдердің ата-аналарға балаларының қай пәнге көбірек қызығатыны және одан әрі нені оқуы керектігі туралы бөлек хабарлауы керектігін айтты.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521