«Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда», - деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша 5 сәуірден бастап барлығы 31009 адам эвакуацияланды.
«Оның ішінде Маңғыстау облысына - 20821 адам, Теңіз вахталық кентіне – 7445 адам, Атырау қаласына – 2743 адам. ҰБТ-да 274 адам бар, олардың бір бөлігі өз бастамасымен туыстарына кетті, бір бөлігі уақытша эвакуациялық пункттерде орналасқан», - деп хабарлады әкімдік.
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы
t.me/oper_shtab_atyrau @oper_shtab_atyrau