Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ ЖИНАЛҒАН КЕШ

     Сәрсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде аудан тұрғындарының қатысуымен ауданның көркеюіне үлес қосу арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосып жүрген әр саланың қызметкерлеріне арналған «Жыл үздігі-2022» мерекелік шарасы өтті.

       Аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Амангелді Сапаров, Сағидолла Яқып және Жексенғали Қапездерге «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Сондай-ақ, мерекелік шарада «Назгүлім» шаруа қожалығының жетекшісі Мәрзия Әбішева Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Бірлік-Миялы» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы Айжан Ізімова аталмыш министрліктің Құрмет Грамотасымен, «Арман» мәдениет үйінің директоры Кенжебек Бисенбаев облыс әкімінің алғыс хатымен, мәслихат депутаттары Сайлаубек Темірғалиев, Айбар Алтыбаев «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Amanat» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Жаңылсын Бекқожина партия төрағасының Құрмет Грамотасымен марапатталды. 
       Салтанатты шарада аудан әкімі Қанат Әзмұханов, мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Толқын Бейсқали, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жәния Ізбасқандар ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына үлесін қосып  жүрген әр саланың үздік қызметкерлеріне «Жыл үздігі-2022» номинациясын табыстады. 
       Шара барысында, аудан өнерпаздары әсем әндер шырқап, кеш қонақтарының көңілдерін бір серпілтіп тастады. 

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521