Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҮЗДІК ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ

     «Ақнұр» мейрамханасында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар премиясы-2022» шарасы өтті.

    Шара Назгүл Шоқанның орындауындағы Табылды Досымовтың «Биіктік» әнімен ашылып, артынша Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің джиу-джитсу үйірмесі шәкірттерінің спорттық көрінісімен жалғасты. 
    Бұдан кейін марапаттау рәсіміне кезек беріліп, әр сала бойынша үздік атанған жастарды аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов, «Amanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бейсқали, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Жания Ізбасқандар марапаттады. Кештің ең басты сыйлығы «Жыл үздігі-2022» номинациясын сағыздық әнші Ғибадат Тұрғалиға аудан әкімі Қанат Қадыржанұлы табыс етті.
Жалпы, бұл кеште аудан жастары 21 номинация бойынша марапатталды. 
Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521