Жолдауды талқылады

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы 10 міндеттің маңызын екшеп, халыққа насихаттау үшін құрылған аудандық ақпараттық насихат тобы Х.Досмұхамедұлы орта мектепте ұстаздармен жүздесті.

Жиында Миялы ауылдық округі әкімі Ерболат Иғали мен аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі Құралай Сәлімгереева Жолдауда айтылған негізгі бағыттарға тоқталып, талдап өтті. Бұдан кейін жарыссөзге қатысқан Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының директоры Өтеуғали Дүйсәлі, «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Ғайни Аққалиқызы өз пікірлерін ортаға салды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21