Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл. Осыған орай, «Белгісіз солдат» ескерткішінің жанына жиналғандар бабалар рухына тағзым етіп, ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Гүл шоқтарын қою шарасында алдымен сөз алған аудан әкімі Арман Баженов:
– Біз бейбіт елде өмір сүреміз және әрбір қазақстандық әлемді сақтап қалу үшін оған байланысты бәрін жасауы тиіс. Өйткені оның тарихы солдаттардың қанымен және аналардың көз жасымен жазылған. – деді. Содан кейін аудандық ардагерлер кеңесі бастаған бөлім-мекемелер кезекпен гүл шоқтарын қойды. Одан соң Миялы спорт кешенінде мекеме қызметкерлері арасында ұйымдастырылған баскетбол мен дойбы жарысы өтсе, артынша «Арман» мәдениет үйінде «Жастығын жалын шарпығандар» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Баженов бір топ ауған соғысының ардагерлерінің кеудесіне мерекелік медаль тағып, сыйлық табыс етті. Кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Гүлмира МАҚСОТ