Мал ұрлығы тиылар емес

Өткен аптаның сәрсенбісі күні «Арман» мәдениет үйінде аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асхат Арыстанов халық алдында 2018 жылы атқарған жұмысы туралы есебін берді. Есепті жиынға аудан әкімі Арман Баженов, аудандық мәслихат хатшысы мен мәслихат депутаттары, округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, полиция ардагерлері мен бөлім қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.

Бөлім бастығыгың есепті хабарламасынан соң тұрғындар көкейде жүрген сұақтарын қойды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Баженов:

–  Жыл ішінде аудандық полиция бөлімі тарапынан көптеген жұмыс атқарылған. Бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде қылмыс саны отызға азайып отыр. Бірақ әлі де жандандыратын жұмыстар жетерлік. Соның ішінде мал ұрлығымен айналысатын адамдарды тауып, ұрлықтың алдын алуға жұмыстану қажет. Бұл ретте халықпен бірлесе жұмыс жүргізу керек, – деді.

Толығырақ аудандық «Қызылқоға» газетінің №8 санынан оқи аласыздар

Бауыржан Бердіғалиев

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21