Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Әжемнің ертегісі»

Осындай тақырыпта аудандық балалар кітапханасында бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа тәрбиелеу  мақсатында ертегіні дауыстап оқу шарасы өтті.

Кітапхана меңгерушісі Роза Әбілханованың ұйымдастыруымен өткен шарада алдымен "Ерте, ерте, ертеде..." бұрышы жасақталса, халқымыздың ауыз әдебиетіндегі ең бай асыл мұраларының бірі – ертегі туралы кеңінен айтылып, "Жыл басына таласқан хайуанаттар" туралы ертегі тыңдалды. Ал, тұрақты оқырмандар А.Нұрболатқызы, Д.Жұмабайқызы, Н.Русланқызы, М.Жұмақұлұлы, Ж.Ізғали, А.Әбілмәжіндер белсенділік танытып, "Күлмес ханша", "Еңбекқордың есесі түгел", "Еңбекпен тапқан нан" тағы басқа ертегілерді кезек-кезек дауыстап оқып, өзара пікір алмасты. Балалар ертегіні мәнерлеп оқумен қатар, ертегі кейіпкерлеріне дубляж жасауды да көрсете білді.

Сөйтіп  халқымыздың асыл мұрасы – ауыз әдебиеті ертегілерін дауыстап оқу арқылы  бүлдіршіндер  ұшқыр ойын, сөздік қорын шыңдап,  кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. 

 

Кәмшат ӘБІШ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521