Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жеке көмекшілермен келісімшарт жасалды

Елімізде жүріп-тұруы шектелген бірінші топ мүгедегіне мемлекет есебінен жеке көмекші қызметі қарастырылған.

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайлайтын 39 жеке көмекші бар. Сейсенбі күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде жеке көмекшілермен өткен жиында бөлім басшысы Болат Салықов келген қонақтармен таныстырып, мәжілістің мақсатын түсіндірді. Бұдан кейін сөз алған «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Мақат аудандық филиалының төрайымы Тыныштық Ещанованың айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша қоғамдық бірлестікпен келісімшартқа отырған 497 жеке көмекші бар. Олар өздерінің атқарған жұмысына қарай төленетін еңбекақысын аталмыш қоғамдық бірлестік арқылы алады. Жеке көмекшіге сағатына 358 теңге 26 тиын төленеді.

Олар мүгедекке күніне 8 сағаттан асырмай қызмет көрсетуі тиіс. Мүгедекті тұрғылықты мекенжайынан баратын жеріне дейін апарып, кері әкелуі, яғни оқу орындарына, заң кеңселеріне, әлеуметтік саладағы нысандарға, мәдени ойын-сауық шараларға, тұрмыстық қызмет көрсету мекемесіне және мүгедектің қажетін қанағаттандыратын басқа да шараларға апаруы жеке көмекшінің қызмет көрсетуіне кіріп, еңбекақы төленеді.

– Алайда, мүгедек жандарды серуендету, әлеуметтік нысандарға кіргеннен шыққанға дейінгі уақыттар жеке көмекшінің еңбегіне кірмейді. Мәселен, емханаға барғанда науқасты шешіндіру, киіндіру, жоғары қабатқа шығару, кабинеттерге апару жеке көмекшінің қызметімен жүзеге асырылатыны белгілі. Сондықтан, бұл бағытта жоғары жаққа ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, төсек тартып жатып қалған кейбір мүгедек адамдар ешқайда шықпағасын, олардың жеке көмекшілеріне табель толтырылмай, еңбекақы төленбейді. Бұл мәселені реттеу бағытында бүгінгі күні жеке көмекші алмайтын мүгедек жандарға 48 мың теңге жәрдемақы төлеу үшін заң жобасы қаралуда. Заң жобасы қабылданса, үйден шықпайтын мүгедек жандар мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын ауыстыру арқылы жәрдемақы алуға өтініш бере алады, - дейді әлгінде айтқан «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Мақат аудандық филиалының төрайымы Тыныштық Ещанова.

Түсіндіру жұмыстарынан кейін жеке көмекшілер мен«Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Мақат аудандық филиалы арасында келісімшарттар жасалды.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521