Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада аудан басшылығы екпе алды

Өткен аптада ауданға келген ресейлік «Спутник V» екпесінің 80 дозасы білім беру саласының қызметкерлеріне салынды.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шолпан Асауованың айтуынша, екпе жұмыстары жүргізілгенге дейін аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, аудандық орталық аурухана директоры Самат Тайшыбай, аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Әділовтар мектеп, балабақша қызметкерлері арасында вакцинациялау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Вакцинациядан бұрын мұғалімдер мен тәрбиешілерге медициналық тексеру жүргізіліп, дәрігердің қорытындысынан кейін ғана екпе бөлмесіне жіберіледі.

– Кез-келген індеттен қорғанудың, алдын алудың бірден бір жолы – вакцина. Вакцина алдымен өзіңді және туыстарыңды қорғау үшін қажет. Сондықтан мен вакцинаны өз еркіммен алдым. Бұл өз денсаулығыма деген жауапкершілік. Екпе алмастан бұрын емхана дәрігерлері екпенің пайдасы, оның әсері туралы біраз ақпарат берді. Ең бастысы екпе аурудың асқынуынан қорғайды. Екпе алған соң қорқынышсыз жүруге болады, - дейді Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Берік Бейісов.

Ал, бейсенбі күні аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, аудан әкімінің орынбасарлары мен бір топ бөлім басшылары, мектеп директорлары COVID-19 инфекциясына қарсы алғашқы компонентін қабылдады. Аудандық орталық аурухана директоры Самат Тайшыбайдың айтуынша, екпеден соң жарты сағат дәрігерлердің, одан кейін учаскелік медбикелердің бақылауында болады. Жалпы, екпеден кейін ауырсынулар, басқа да қосымша белгілері болған жоқ.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521