Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАРЫС ТӨРІНДЕ - АРДАГЕРЛЕР

Халықаралық қарттар күні қарсаңында аудан ардагерлері арасында спорттың бильярд, шахмат, жеңіл атлетика, кіші футбол  түрлерінен сайыс болды.

Ардагерлер үйінде өткен бильярд ойынында Мұхаммеджан Махмутов (Жангелдин) бірінші орынды, Бердеш Мұхамбетов (Көздіғара) екінші орынды, Серікбай Аман (Сағыз) үшінші орынды иеленсе, аудандық орталық кітапханада өткізілген шахмат сайысында  сағыздық Серік Сағынов бірінші орынға, Асылбек Сүйеуов екінші орынға, Досан Қибаденов үшінші орынға қол жеткізді. Жеңіл атлетикадан 40 жастан жоғарғы топ бойынша Генрих Мұратов (Жангелдин) бірінші орынды, Ақан Нұрсанов (Көздіғара) екінші орынды, Жанайыс Үмбетов (Жангелдин ) үшінші орынды иеленсе, ал Жарасқан Ізімқұлов (Көздіғара)  алғыс хатпен марапатталды. 50 жастан жоғарылар арасында Мұхтар Құлтаев (Ойыл) бірінші орынды, Қуан Ағашин (Миялы) екінші орынды, Жайлау Таласов (Сағыз) үшінші орынды иемденсе, Мұрат Сұлтановқа (Миялы) алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ, 60 жастан жоғары ардагерлер арасында Шойынбай Мырзағалиев (Ойыл) бірінші орынды, Бекжан Сакупов (Сағыз) екінші орынды, Рамазан Асауов(Миялы) үшінші орынды иеленсе, Ақниет Жанбосиновқа (Сағыз) алғыс хат бұйырды.

Ақнұр ДҮЙСЕНҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521