Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАНГЕЛДИНДЕГІ ДОП ДОДАСЫ

Жангелдин ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері Қази, Әзи Өтемұратовтар атындағы кіші аяқ доптан ауылішілік жарыс өтті.

 Жангелдин ауылдық округі әкімі аппараты ұйымдастыруымен,  ұрпақтары қолдауымен өткен сайысқа барлығы 10 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қ.Өтемұратов көшесінің командасы жарыс жеңімпазы атанса, Қарабалиндер отбасының командасы екінші орынға, Д. Қоспаев көшесінің тұрғындарынан құралған команда үшінші орынға қол жеткізді. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT