Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жамбылдықтардың игілігінде жаңа амбулатория

Тоқсаныншы жылдардың ортасында кеңшар тарап, жекешелендіру саясатына ілінген Қаракөл дәрігерлік амбулаториясы округ әкімдігінің ескі ғимаратын пайдаланып келген еді.

Жөндеу жүргізілгенмен бөлмелері тар әрі ескі ғимаратта науқастарды қабылдау кезінде қолайсыз тұғын. Сондықтан ауылға жаңа дәрігерлік амбулатория салу мәселесін тұрғындар көптен бері көтеріп жүрген болатын. Облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы іргетасы қаланған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бітіп, бүгін ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Жаңа емхананың бөлмелері кең, жылы әрі жарық. Әр бөлмеде таза су жүріп тұр. Дәрігердің қабылдау, акушерлік қарау, екпе, зертхана, химизиатор бөлмелері қажетті медициналық аспаптармен жабдықталған.

Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

– Бүгінгі ашылғалы тұрған дәрігерлік амбулатория халыққа қолайлы орта қалыптастыруға, соның ішінде сапалы медициналық көмек көрсетуге өз септігін тигізетіні сөзсіз. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа ғимаратта жемісті еңбек етеді деген сенімдемін. Жаңа нысан құтты болсын, - деді.

Сондай-ақ, салтанатты шарада құттықтау тілегін білдірген аудандық аурухананың директоры Самат Тайшыбай, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Аслан Бисенбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ашылған әлеуметтік нысанның маңызы орасан екендігін айта келіп, құрылысты сапалы жүргізген «Байсанат» ЖШС ұжымына алғыстарын жеткізді. Бұдан кейін жаңа ғимараттың лента қию рәсімі өтіп, шараға қатысушылар кабинеттермен танысып, медицина ұжымына сәттілік тіледі. Шарадан соңы Қаракөл дәрігерлік амбулаторияның ұжымы тұрғындарға қызмет көрсете бастады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT