Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұңғыш Президент күні салтанатпен аталып өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Арман» мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті.

Оған аудан әкімі жəне орынбасарлары, бөлім мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Алдымен шараға жиналғандар аудандық орталық кітапхана ұжымының ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалап, Елбасыға арналған кітаптармен танысты.

Мерекелік шарада еліміздің Әнұраны шырқалған соң құттықтау лебізін білдірген аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

Адамзат куә, соңғы отыз жылға жуық уақытта бүкіл әлем таныған Тәуелсіз Қазақстанның тарихы жасалды. Осынау жасампаз дәуірдің ең басты және ең көрнекті тұлғасы – Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанды дүниежүзі толығымен мойындаған, замануи тұрғыда демократиялық үрдіс жолымен қарышты дамушы мемлекетке айналдырған кемеңгер Тұңғыш Президентіміздің дана да дара жолы осы отыз жылғы өрелі тарихпен өріледі. Сондықтан да «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні» елімізде – мәні зор, маңызды мереке болып қала береді. Мерейлі мерекеде баршамызға сәттілік, бақыт, береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Халқымызға қашан да жақсылық жолдас, үкілі үміті серік болып, әлемдегі ең озық отыз елдер қатарынан табылайық, - деді.

Одан соң аудан басшысы егемен еліміздің өркендеп дамуы жолындағы абыройлы еңбегі үшін аудандық соттың жетекші маманы Салтанат Нұрғалиева мен жеке кәсіпкер Қарлығаш Масатованы облыс әкімі Махамбет Досмұхамедовтың алғыс хатымен, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аудандық соттың жетекші маманы Назгүл Балғынбаева, Ш.Еркінов атындағы орта мектептің мұғалімі Нұрсұлтан Рабаев, аудандық электр жүйесі бөлімінің байланыс маманы Серік Сейлов аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ, салтанатты жиында «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданған партия мүшелеріне партиялық билет тапсырылып, Елбасы саясатын жүзеге асырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін аудандық 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қанат Сағи, «Самал» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қандыбек Үктібай аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен мадақталды.

Мерекелік марапаттаулардан соң жұртшылық аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Онда Сәнімгүл Басамбаева «Компазициялық би», «Ойыл аруы» бишілер тобы қазақ биін бың бұрала билесе, «Жасұлан» балабақшасының тәрбиеленушілері «Қазақстан бақыты» әнін шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT