Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Газет өміршеңдігін жоймайды

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ұйымдастыруымен өткен жиынға аталмыш серіктестіктің директоры Ысқақ Егембердиев, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, «Прикаспийская коммуна» газеті бас редакторының орынбасары Қайрат Сатаев, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары мен газет оқырмандары қатысты.

Жиынды ашқан аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев газет оқырмандарымен кездесіп, пікір алмасу мақсатында келген қонақтармен таныстырып өткен соң сөз кезегін алған «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев:

Өткен жылы өздеріңмен кездескенде айтқанымыздай биыл облыстық және аудандық газеттерді D2 форматына көшіруге қол жеткіздік. Бұл формат еуропалық стилде, оқылуға ыңғайлы және тартымды. Және бұдан басқа сараптамалық мақалаларды көбейту, журналистік зерттеу жүргізу басылым бетінен көбірек орын алды. Енді тек қана аудан орталығында ғана емес кез-келген ауылда штаттан тыс тілші ұстауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, оқырманға қолжетімді болу үшін биылдан бастап онлайн және балама жазылу қолға алынды. Осы арқылы газет оқырмандарын көбейте отырып, жергілікті тілшілерді сапалы сараптамалық мақала жазуға жеткізуіміз қажет. Өйткені оқырманды газетке жаздыру үшін өзіміз оларға құнды әрі тартымды мақалалар ұсынуымыз қажет. Газеттің басты құндылығы әрі байлығы оқырман екенін әр тілші түсіне отырып, талапқа сай жұмыс жасауы тиіс, - деді.

Жиында аудандық газеттің ардагері Жолдас Жанқуат кеңседе отырып телефонмен мәлімет жинағаннан гөрі тілшілердің елді мекендерді, алыс қыстақтарды аралағанда ғана сапалы мақала шығатынын, еңбек адамдары басылым беттерінен жиірек көрініс табуы қажет екендігін тілге тиек етіп, серіктестіктің ауылдардан штаттан тыс тілшілер ұстау туралы жобасын құптады. Сондай-ақ жиында «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев облыстық газеттегі соны өзгерістер туралы және газеттің бұған дейін көтерген өзекті мәселелері туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев қонақтарға ризашылығын білдіріп, медиахолдинг ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521