Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін аудан орталығы Миялы ауылында жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Серік Шәпкенов және басқа да жауапты департамент, бөлім, мекеме басшылары, халық қалаулылары мен азаматтық қорғау саласының ардагерлері қатысты.

Шара барысында, Төтенше жағдайлар министрі құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның кілтін 10 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Жәнібек Өтешовке табыстаса, облыс әкімі мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жолдас Ибрашев құттықтау тілектерін жеткізді.

Бұдан соң келген қонақтар нысан ішіп аралап, танысып шықты. Айта кетейік, жаңа нысанда 2 өрт сөндіру көлігіне арналған автотұрақ, 1 автокөлікке арналған бокс, бірінші қабатта кезекшілік бөлмелері орналасса, екінші қабатта бөлім басшысы, орынбасары және мамандардың қызметтік бөлмелері бар.

Сонымен қатар, 30 орындық мәжіліс залы және 12 орындық оқу залы орналасқан. Одан бөлек ғимарат барлық құрал-жабдықпен, қажетті техникалық материалдық базамен толық қамтылған. Ал, нысан аумағында жаттығу алаңы, жаттығу мұнарасы және екі пәтерлі 1 қызметтік тұрғын үй бар.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT