Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жағдайды дереу өзгерту керек»

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізгені белгілі. Аталмыш кездесуде бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, өткір сындар айтылды.

Президент өз сөзінде:

– Қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейді. Сондықтан шұғыл түрде экономикалық саясатты қайта қарау жұмысына бірлесе кірісу керек. Таза, ашық және әділ іс-әрекеттердің жаңа тәртібін анықтаған жөн, – деді.

Бұл расымен де, қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Себебі, экономикалық саясатты дамытпай мемлекет те алға баспайды. Демек, бұдан былай елімізде экономикалық талдау ашық та, әділ жүргізіледі деген сөз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы:

«Ұлттық табыстың әділ бөлінуі бойынша теңгерімсіздік пен проблеманың бар екені айдан анық. Халықаралық сарапшылар (KPMG, 2019 жыл) Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында екенін растап отыр. Осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл – жылына 1300 доллардан сәл ғана асады деген сөз. Мұндай ақшамен өмір сүру мүмкін емес. Бұлай жіктелу мен теңсіздіктің қауіпті екенін айтқан болатынмын. Жағдайды дереу өзгерту керек» деді. Бұл да көптің көкейінде жүрген мәселе еді. Әсіресе, ауылдық жерлерде 50 мың теңгеге күн көріп отырған отбасылар көп. Ендеше, Мемлекет басшысының «Жағдайды дереу өзгерту керек» деген сөзіне сенім арта отырып, барлық деңгейдегі басшылар берілген тапсырманы уақытылы орындаса игі деген тілегім бар.

 

Ақмарал ЕДІЛОВА,

Көп балалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521