Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағызда аса қауіпті мал ауруы анықталды

Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында мал арасында аса қауіпті жұқпалы аурудың ошағы анықталғаны туралы хабар тарады.

Алғашында оның аусыл болуы ықтимал деген болжам да жасалынған-ды. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын, мәселенің мән-жайын білі мақсатымен құзырлы құрылымдармен байланысқан болатынбыз.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рустам Идрисовтың айтуынша, өткен жылғы  қараша  айының соңында Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылдық округі тұрғындарының иелігіндегі мүйізді ірі қара малдарының  арасынан белгісіз аурудың шыққаны, одан жануарлардың ауырып жатқандығы туралы жергілікті ветеринариялық қызмет мамандарына хабарлама түсті. Сол күні ауруға шалдыққан малдан биологиялық сынамалар алынып, 24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ветеринария ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілді.  Аталған мекеменің сараптамалық қорытындысында Сағызда орын алған аурудың алдын ала болжанғанындай аусыл емес, вирустық диарея  және инфекциялық ринотрахеит екені  анықталды.

       Сәйкесінше, аса қауіпті аурудың анықталуына байланысты Қызылқоға ауданының бас  мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ауылдық округ әкіміне ұсыныс хаты жолданды. Соның негізінде округ әкімінің шешімімен ауылдың аумағында уақытша шектеу шаралары алынды. Қазіргі уақытта Сағыз ауылында «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ Атырау филиалынының мамандары  эпизоотиялық ахуалды сауықтыру іс-шараларын, нақтысын айтқанда, ауру ошағын залалсыздандыру үшін дизенфекциялау және вакцинациялау  жұмыстарын жүргізуде.

          Мамандардың мәліметінше, аурудың салдарынан мал басынан шығын болмаған, адамдарға да ешқандай залалы тимеген.

Дәулетқали АРУЕВ

Atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521