Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа баспана қызылқоғалықтарды қуанышқа кенелтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Миялы ауылында екі пәтерлік 10 үйдің кілті тапсырылды.

Аз қамтылған және көп балалы аналарға жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс еткен аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

Бүгінгі күні «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлер көп балалы отбасыларға табысталғалы отыр. Жалпы заңда көзделген алты санатқа жататын азаматтар мен азаматшаларды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мемлекеттің міндеттерінің бірі. Бұл игі іс алға қарай да жалғасын таба береді. Баспаналы болған отбасылар қоныстарың құтты болсын! – деп үй иелеріне пәтер кілті табыстады.

Сондай-ақ, салтанатты шарада аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Бағытжамал Жұмабаева, жаңа пәтердің иесі, көп балалы ана Айгүл Ғалиевалар құттықтау тілектерін білдіріп, аудан әкімдігіне, тұрғын үйді салған құрылысшыларға ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында әжелер шашу шашып, ауыл тұрғындары жаңа пәтерлерді аралап, үй иелеріне құтты болсын айтты.

Б.ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз