Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудан əкімдігі жаңа жұмыс форматына көшті

Атырау облысының Қызылқоға ауданы «сервистік әкімдік» форматына көшті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, «сервистік әкімдік» – open space режимінде жұмыс істейтін арнайы жоба.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы – мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартып, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатын көздейтін бұл жоба аудан тұрғындарына қолайлы болады. Сол себепті, «Сервистік әкімдік» мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерге шоғырландырып, азаматтарға қолайлы жағдай жасаумен ерекшеленеді. Жоба ең әуелі тұрғындар игілігіне қызмет етуді көздейді. Жергілікті атқарушы биліктің өкілдері тұрғындарға қажетті қызмет түрлерін бір жерден көрсетеді. Бұдан былай уақыты тығыз, жұмысы қауырт жандар әр бөлімді іздеп, кез-келгеннің табалдырығын тоздырмайды» – дейді Айдос Мамыт.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT