Ауданда соңғы жылдары кәсіпкерлік саласы кеңінен қанат жайып, жаңа нысандар ашылуда. Солардың бірі – миялылық жеке кәсіпкер Ақболат Құсановтың «Ақ Сайын» кафесі.
Таяуда аталмыш нысанның ашылу салтанаты өтіп, онда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев:
– Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту бағытын өзінің Жолдауларында жиі айтып келеді. Сол бағытта ауданда кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде даму үстінде. Соның айғағы – бүгінгі ашылғалы тұрған жаңа кафе. Бұл нысан ауданның кәсіпкерлік саласын дамытумен қатар ауылдың көркіне көрік қосып тұратын болады, - деді.
Бұдан кейін сөз сөйлеген нысан иесі Ақболат Құсанов «Ауыл шаруашылығын қолдау» қорынан несие алып, кәсібін дөңгелетіп жатқандығын тілге тиек етіп, қолдап жатқан барша ағайынға алғысын білдірді. Бой көтерген нысанның лентасын аудан әкімінің орынбасары Жара Есенғалиев пен кәсіпкердің ағасы Ерболат Құсанов қиып, артынша жиналғандар кафенің ішімен танысып, кәсіпкерге «Құтты болсын» айтысты.
Дулат МӘТЖАН