Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ ЗОР

      Сейсенбі күні «Арай» мейрамханасында «АДА-Байдар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Халықаралық зағиптар күніне арналған шара өтті.

   img_0444   Оған аудандағы Миялы, Ойыл, Көздіғара, Жангелдин, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға, Мұқыр, Сағыз ауылдық округтерінен 60 зағип жан  қатысты. Шарада алдымен аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев сөз сөйлеп, зағип жандардың дендеріне саулық тіледі. Бұдан кейін, сөз сөйлеген ардагер журналист Жолдас Жанқуат:
    img_0416       – Әрине, ауыл, аудан азаматтарының жұмыс жасап жатқаны белгілі. Алайда, зағип жандардың көпшілігі өмірге деген құштарлықты арттыратын арнайы қоғамдық ұйымдардың бар екендігін, инватаксидің жұмыс жасайтындығынын білмейді. Бұл тұрғыда, әлі де насихаттау тұсы кемшін.  Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандармен әртүрлі бағытта шаралар өткізілу соңғы кезде ғана қолға алынды. Оның басты себепшісі, аудандық   «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірілестігінің төрағасы Бақтығұл Тәжіғали. Бұл азаматты алдағы уақытта барлық мүмкіндігі шектеулі жандардың атынан мәслихат депутаты болуына өз ұсынысымды беремін. Тағы бір айтатыным, әр ауылдық округтен де мүмкіндігі шектеулі жандардың ішінен бір белсенді жанды жауапты қылып, олардың жағдайын біліп отырған дұрыс деп есептеймін. Олай деуіме, Көздіғара, Мұқыр тағы да басқа ауылдардан келген тағдырластарым көп жаңалықтарды білмейді. Сол себепті, өз ойымды ортаға салып отырмын, - деген пікірін білдірсе,  ардагер теміржолшы Қауысбай Базарбаев: «Әрине, көз жанарымыз көрген уақытта, елдің тыныс-тіршілігімен араласып, білек сыбана кірістік. Алайда, қазір бір көз көрмейді, бір көзім линзамен тұр. Айтайын дегенім сол көзімдегі линзаны айына бір рет немесе мүмкіндікке қарай екі айда бір ауыстыру керек. Сол үшін Сағыз ауылынан 270 шақырым қашықтықтағы  Атырау қаласына баруға тура келеді. Егер аудан орталығында көз дәрігері болса, менің мәселем  оп-оңай шешілген болар еді. Сондықтан, көз дәрігері мәселесін шешу кезек күттірмейді» деді. Ал, ардагер ұстаз  Света Жолымбетова:
      – 1974 жылы қос жанарым көрмей, мұғалімдік қызметімді доғаруға тура келді. 1976 жылы «Қазақ соқырлар» қоғамына қабылданып, өз жолымды таптым. Екі жылдан аса уақыттан бері  қоғамдық қорды тапсырдым. Адам 90 пайыз нәрсені көзбен көріп барып, жүрекпен сезеді. Ал, сол жандарға керегі мейірім мен қамқорлық. Қазір жастардың арасында көзі көрмеушілік көбейіп барады. Әркез мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл күй сыйлау мақсатында түрлі шаралар өтеді. Оны ұйымдастырушы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов бастаған мамандарға алғысым шексіз, - деп жан сырын ақтарды.  Зағип жандардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев барлық ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта ескеріліп, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

img_0445    Шара барысында, әр түрлі ойындар ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары концерттік бағдарламалар ұсынып, естелік сыйлықтар табыс етті.  

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521