Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тасшағылда типтік жобадағы дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады

      Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округіне барды. Аймақ басшысы алдымен Тасшағыл ауылында салынып жатқан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

     e01

      Құрылысы 2020 жылдың шілде айында басталған нысан 70 пайызға аяқталған. Мердігер мекеме – «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС. Алайда құрылыстың сапасына қатысты сұрақтар бар.
           - Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары осы жылдың аяғына дейін бітеді деп жоспарланған. Бірақ оның әлі де жұмысы көп. Егер құрылыс жұмыстарын жүргізуші мекеме қызметін атқара алмаса, олармен дер кезінде келісімшартты бұзуымыз қажет. Кейін жұмыс істей алатын адамдарға берілгені жөн. Бұл ретте облыстық құрылыс басқармасына тапсырма бердім. Ертеңнен бастап талдау жасайды. Құрылысты уақытылы аяқтау керек. Бұл жұмысты өзімнің тікелей бақылауыма аламын,- деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.
        e0

        Сондай-ақ Серік Шәпкенов Тасшағыл дәрігерлік амбулаториясына ат басын бұрды. 1985 жылы пайдалануға берілген қос қабатты ғимарат 2006 жылы күрделі жөндеуден өткен. Жалпы алаңы 692,4 шаршы метрді құрайтын, жоғарғы қабаты бос тұрған мекеме бүгінде қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Күрделі жөндеу жұмыстары үшін жобалық сметалық құжат жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті.
        Кейін аймақ басшысы бекітілген кестеге сәйкес Тасшағыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.
        Жиында облыс әкімі Тасшағыл ауылдық округінде жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Облыс әкімімен өткен кездесуде тасшағылдықтар әлеуметтік мәселелерді көтерді.
       e00

      - Біз өз жұмысымызда әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуіміз қажет. Сондай-ақ берген уәдеде тұруымыз керек. Егер халыққа  бір мәселені шешеміз десек, оны орындауға міндеттіміз. Себебі билік пен халықтың арасындағы қатынастың сенімді құрылғаны маңызды. Сіздердің алдарыңызға келмес бұрын дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен таныстым. Бұл жерге жаңадан типтік жобадағы дәрігерлік амбулатория салыну керек деп есептеймін. Осы ретте облыстық құрылыс басқармасына тиісті тапсырма берілді. Типтік жобадағы дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланды. Ал бос қалған ғимарат қайта жөнделіп, балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында үйірме сыныптары ретінде қолданылады,-деді облыс әкімі.
        e

      Тасшағыл ауылдық округінде 1856 адам тұрады. Мұнда 1 орта мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт, 1 мәдениет үйі, 1 полиция учаскесі сынды әлеуметтік нысандар мен 26 шаруа қожалығы бар.
Облыс әкімінің Тасшағыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі Қызылқоға аудандық әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир көрсетілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT