Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық жас ақын айтыстың бас жүлдесін иеленді

Таяуда, Махамбет ауданында елімізге белгілі кәсіпкер Ибрагим Акдрашевтің демеушілігімен «Жаса, Қазақстан!» тақырыбында аймақтық айтыс өтті. Кәсіпкердің өмірден ерте өткен ұлының рухына арнап ұйымдастырылған додаға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан барлығы 20 ақын қатысты.

Аталмыш сында аудан намысын қорғаған қарабаулық жас ақын Батыржан Кәдірбай индерлік Абылай Смағұловпен айтысты. Қазылар алқасы Батыржанның айтысына бірыңғай 10 ұпай беріп, нәтижесінде жерлесіміз айтыстың бас жүлдесімен қоса 1 миллион теңге ақшалай сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, бұл додада бірінші орынды маңғыстаулық Абай Жолмағамбетов, екінші орынды атыраулық Серікбол Панабердиев, үшінші орынды ақтөбелік Қайырхан Жұбаниязов, оралдық Мұрадым Мирланов, мақаттық Нұрбек Сарбасовтар жеңіп алды.  Ендеше 19 жасында байрақты бәсекеде бас жүлде иеленген жерлес ақынға тек қана шалқар шабыт тілейміз.

 

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521