Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық энергетиктер марапатталды

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков сала қызметкерлерін қабылдады.

– Энергетика саласы жұмысының аудан экономикасының дамуына қосатын үлесі орасан зор. Жұмыс барысында кездесетін түрлі қиындықтарға қарамастан өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Сіздердің аудан халқын жарықпен үздіксіз қамтамасыз етудегі еңбектеріңізге табыс тілеймін, - деп құттықтау тілегін білдірген аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков бір топ сала қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.

Сондай-ақ, жиында кәсіби қызметте жеткен жоғары нәтижелері мен энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бақылаушы Жаңылсын Аралова Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н.Ноғаевтың Құрмет грамотасымен, бақылаушы Миюаш Бекибаева облыстық мәслихат хатшысы Ө.Зинуллиннің алғыс хатымен, кезекші монтер Рамазан Махмет «Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапатталса, бір топ сала ардагерлері мен қызметкерлері «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» мерекелік медалін иеленді.

Мерекелік шарада аудандық электрмен қамту орталығының бастығы Аманбек Әбділдиев, облыстық «Энергосату» ЖШС-нің аудандық бөлімшесінің инженері Арман Тілеков аудан энергетиктерін ыстық ықыласпен қабылдаған аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдіріп, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

Аудан әкімінің алғыс хаты:

Бауыржан Қосжанов

Амантай Үмбетбаев

Асылбек Әбділдиев

Мейірімбек Сисенов

Қанағат Бейісов

 

«ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» мерекелік медалі:

Найзабек Аралов

Батыл Қосжанов

Ғани Жұмагереев

Берік Ғұбайдуллин

Аманбек Әбділдиев

Рамазан Махмет

Аралова Жаңылсын

Аралова Алтынгүл

Талдыбек Сисенбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521