Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Колледж қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Сайын Қуанышев Қызылқоға аграрлы-техникалық колледж ұжымымен кездесті.

Кездесуді колледж директоры Шалқар Қасымов ашып, жүргізіп отырды. Онда үміткер партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, жетекші саяси ұйым ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындағанын атап өтті.

Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізетін басты институт болып табылады. Бұл ретте, партия сөздің емес, істің партиясы екеніне дәлел болатын жұмыстар молынан. Нақтырақ айтқанда, ауданда жүргізілген газ, су желілері партия бағдарламасы арқылы жүзеге асып, бүгінгі күні халық игілігін көріп отыр. Біз де еліміздің жағдайы бұдан да жақсаруы үшін өз қолымыздан келетін ісімізді халық игілігіне арнаймыз. Ауданымыздың әр азаматы табиғатты аялай білуі, күтуі керек және тал егіп айнала жасыл желекке айналуына атсалысуы тиіс. Бұл бағытта да «Nur Otan» партиясының арнайы бағдарламасы бар. Партия бағдарламасының әр тармағы халықтың жақсы өмірін қалыптастыруға арналады. Яғни партияның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Елімізде тұрақтылық пен дамудың берік кепілі болған «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету және әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек. Бүгінде Ойылмен қоса Сағыз өзенінің де мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай, бұл мәселені облыстық мәслихаттың сессиясында көтеріп, тиісті органдарға депутаттық сауал жолдадым. Аудан аумағынан өтетін республикалық «Атырау-Ақтөбе» тасжолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұдан басқа «Сағыз-Миялы-Индер» тасжолының да құрылысы кезең-кезеңімен жүруде. Қазіргі сәтте Индерден Қарабауға қарай он шақырымдай жол салынды. Егер осы тасжолдар салынып бітетін болса ауданның дамуына тың серпін берері анық. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да партияның басты назарында болады,- деді Сайын Қуанышев.

Өз кезегінде сайлау науқанына белсене қатысып, дауыс берудің маңыздылығын атап өткен Сайын Сәлімгерейұлының сөзін сайлаушылар қолдап, азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік салаларға қатысты кез келген мәселе «Nur Otan» партиясының назарынан тыс қалмайтынын айрықша атап өтті.

Жиында сайлаушылар атынан сөз сөйлеген Жалғас Қамысбаев партияның сайлауалды бағдарламасында халықтың әл-ауқатының жақсаруына басымдық берілгендігін, осы басымдықтар іс жүзінде жүзеге асатын болса көптеген тұрғындардың мұң-мұқтажы шешілетіндігін алға тартып, үміткерге сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT