Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық бишілер топ жарды

Жақында Нұр-сұлтан қаласында «ALASH STAR» өнер бәйгесінің ұйымдастыруымен ХІІ Халықаралық онлайн конкурс өтті.

Оған ауданымыздан хореография номинациясы бойынша «Ойыл аруы» бишілерінің үлкен тобы мен кіші тобы қатысып, «Ұйғыр» мен «Стюардесса» билерін нақышына келтіре биледі.

Нәтижесінде, «Ойыл аруының» үлкен топ бишілері бас жүлдені жеңіп алса, кіші топ бишілері І орынды иеленіп, Нұр-сұлтан қаласында өтетін сайысқа жолдама алды.

– Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт-дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін би ырғағымен бейнелеу. Біз сол мүдеден шығуға тырыстық. Нәтижесін естіп, қуанып отырмыз, - дейді жетекшісі Лизия Оқас.

Балғын бишілерімізге өнер биігіне самғаған қанаттарың талмасын демекпіз.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521