Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Гүлмаржанның мерейі үстем

Былтырғы жылдың қыркүйек-қараша айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталық базасында «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны болып өтті.

Онлайн-форматта өткен бұл сайысқа Қызылқоға аудандық оқушылар үйінің шәкірті Бағыт Гүлмаржан Дулатқызы Атырау облысының Батыс өңірлік қолбасшылығы, «Батыс» әскери-патриоттық клубының мүшесі ретінде қатысып, сайыста жоғары жетістікке қол жеткізді. Жарыс барысында Гүлмаржан АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау бойынша I орын, арқаға жатып денені көтеру бойынша II орын, Газқағарды және плащ түрінде жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию бойынша III орынға ие болды.

Осылайша ол республикалық сайыста Атырау облысының командалық есепте екінші орын алуына өз үлесін қоса білді. Осы орайда, Гүлмаржанды сайысқа дайындап, жоғары нәтижеге қол жеткізуіне үлес қосқан аудандық оқушылар үйінің әскери-патриоттық үйірмесінің жетекшісі Азамат Молдашев екендігін айта кетейік. Соған орай, жыл соңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Н.Алдияров үйірме жетекшісі Азамат Молдашевті Алғыс хатпен, шәкірті Гүлмаржан Бағытты арнайы грамотамен марапаттады.

Гүлбаршын МАГДАНОВА,

аудандық оқушылар үйінің бұқаралық бөлімінің меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521