Көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі аппаратының басшысы Асылбек Жанқуатов пен Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары Мақсат Төкенов бір топ аналардың үйіне барып, аудан әкімі атынан құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.
Солардың бірі «Алтын алқа» иесі – Сәуле Бақтығалиева. Ол құттықтаушыларға:
– Дүниеге он бала әкеліп, өсіріп, өндірдік. Бүгінде әрқайсысы бір-бір үй болып, немере-жиен сүйіп отырған бақытты анамын. Кезінде елдің дамып, өркендеуі жолында азды-көпті еңбек еттік. Сол еңбекті елеп-ескеріп құттықтап жатқандарыңызға рахмет. Осы бір ауыз құттықтаудың өзі көңілді көтеріп тастады, – деп аналық алғысын білдірді. Сондай-ақ, құқық қорғау саласының ардагері Күнжан Ахметова мен көп балалы ана Жәміш Жандосова да аудан басшылығының сый-сыяпатына алғысын айтып, ақ батасын берді.
Дулат МӘТЖАН