21 маусым күні үйінен шығып, қайта оралмаған 1978 жылғы ер адам іздестірілуде.
Бұл туралы облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.
«24 маусым күні сағат 09-55-те Қызылқоға ауданында, Миялы ауылынан 3 шақырым жерде, Ойыл өзенінде Жедел-құтқару жасағының (4 қызметкер және 1 бірлік техника), Аудандық полиция бөлімінің (2 қызметкер және 1 бірлік техника) және жергілікті тұрғындардың (10 адам) күшімен іздестіріліп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.