Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қос мерекемен құттықтады

Таяуда,  мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді. «Арман» мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Айдулат Кенжебеков:

– Бүгінгі салтанатты шара екі бірдей мерейлі мерекеге арналып отыр. Мемлекеттік қызмет еліміздің дамуының стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруда негізгі саяси күш болып табылады. Саяси жаңғыру болмаса елімізде ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасау мүмкін емес. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің ерен еңбегі терең біліктілікті, жоғары жауапкершілікті, табандылық пен төзімділікті талап етеді. Халық та біздерден биік адамгершілікті, жалынды елжандылық сезімді, пәрменді қимыл мен нәтижелі жұмысты күтеді. Ал, Қазақстан полициясы Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы және даму тарихымен тығыз байланысты. Ішкі істер органдары отыз жыл бойы еліміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, адамдардың құқықтарын қорғап, еліміздің барлық салада дамуына өлшеусіз үлесін қосып келеді. Кәсіби мереке күні қарсаңында баршаңызға адал да қажырлы қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін, - деді.  Одан соң, Мұқыр ауылдық округінің әкімі Мереке Есқалиев пен  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев  облыс әкімінің, ішкі істер саласының ардагерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

9a29ddd2-5639-4df1-b1c0-18dfabaa851a

1a3018be-0c53-4185-a9ef-3cc4a2431f3f

Мерекелік жиында аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов пен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жолдас Ибрашев құттықтау тілегін білдірсе, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұркен Нұғманов  аудандық полиция бөлімі  әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ақниет Төкенов пен аға кеңесші инспектор Қайратбек Исқақовқа майор шенін тапсырып, кеңсе жетекші маманы Тұрсынгүл Әбдуалиеваны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, ішкі істер саласының ардагерлерін Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлері кеңесінің Құрмет грамотасымен, облыстық полиция департаменті бастығының алғыс хатымен мадақтады. Сондай-ақ, кәсіби мереке қарсаңында бір топ мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының, облыстық, аудандық мәслихат хатшысының, аудан әкімінің, аудандық полиция бастығының алғыс хаттарына ие болды.

1b8edeb0-fa98-4ba3-8de2-b23c12033155

0b995322-0390-488a-a0b5-061acd6c3199

Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, жұртшылық «Ақжелең» фольклорлық ансамблі орындаған «Қызыл қайың серпер», «Туған жерім, Қызылқоғам» туындыларын, әншілер Ләззат Тастаева, Зәуре Жұмағалиева, Дастан Асан, Айдана Ижапқұлова, Дінмұхаммед Жалғас, «Арман» дуэтінің тамылжыта салған әндері мен Әділжан Кабидуллиннің күмбірлете тартқан күйін тыңдап, «Ойыл аруы» кіші бишілер тобы мен «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымының мың бұрала билеген билерін тамашалады.

 

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521