Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Серік Шәпкенов: Қоғамдық бақылау сапаны күшейтеді

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Мұқыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында аймақ басшысы ауылда құрылысы жүріп жатқан және жобасы жасақталған нысандар бойынша баяндама жасады.

- Мұқыр ауылынан 6 шақырым болатын ауылішілік жол құрылысының жоба құжаттамасы дайын. Бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер мекеме «Атырау көлік» ЖШС анықталды. Сонымен қатар, аталған көшелерге жарық шамы орнатылады. Тағы бір қордаланып қалған мәселе - спорт кешенін салу. Бүгінде жоба құжаттамасы дайындалуда. Сондай-ақ, 5 жылға жуық уақытта құрылысы аяқталмаған мәдениет үйінің құрылысы міндетті түрде жалғастырылады. Осы мақсатта халықтан қоғамдық бақылауды күшейтуді сұраймын, деді Серік Шәпкенов.

Кездесуде тұрғындар ауылға білікті медицина мамандарын тартуды, мәдениет үйін, спорт кешенін, саябақ салуды сұрады.

Өңір басшысы тұрғындар көтерген өзекті мәселелер заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Сонымен қатар облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Бүгінде Мұқыр ауылдық округінде 5000-ға жуық адам тұрады. Мұнда 2 орта мектеп, 1 амбулатория, полиция бөлімшесі және өзге де әлеуметтік нысандар бар.

Айта кетейік, облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Қызылқоға ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетілді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT