Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАДАҒЫ БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ

Таяуда, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің базасында 12 пән бойынша 9-11 сыныптар аралығында аудандық ғылыми пәндер олимпиадасының ІІ кезеңі өтті. Тоғыз күнге созылған олимпиадаға аудан мектептерінен 322 оқушы ата-аналар келісімі негізінде қатыстырылды.

Биылғы жылғы олимпиада жұмысы «Оқулық» платформасымен жүргізіліп, нұсқаулық барлық мектептерге таныстырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Ереже бойынша барлық олимпиада өтетін күндер мен апелляция күндерінің кестесі бірыңғай республика бойынша қойылып, тапсырмалар сол уақытқа сәйкес «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан жіберілді. Сондай-ақ, тапсырма сайттан алынған арнайы жауап парақтарында орындалды. Орындалған жұмыстар сол күні «Дарын» сайтында жарияланып отырды. Оқушыға апелляция уақыты хабарланып, егер наразылығы болған жағдайда сол уақыт аралығында  жұмыстарды қайта қарауына мүмкіндік берілді. Алайда, апелляцияға жұмысын тапсырған оқушылар болған жоқ.

- Аудандық олимпиаданың қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың 114-і

жүлделі орындармен марапатталды. Жалпы командалық есеп бойынша Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі І орынды, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы ІІ орынды және Сағыз орта мектебі ІІІ орынды иемденді. Бұл олимпиада жұмысынан оқушылардың әлі де біліміндегі олқы тұстарының, дарынды оқушылармен жүргізілетін мектептердегі дайындық жұмыстарының жеткіліксіз екендігі және оқушылардың іздену дағдыларын жетілдіру жұмыстарының кемшін екендігі байқалды. Сондай-ақ, ауданда интернет жылдамдығының төмендігінен олимпиада кезінде қиыншылықтар көп кездесті, - дейді аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі Гүлфайруз Әнжанова.

Айта кетейік, алдағы 10-11 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және 14-15 наурыз аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өткізіледі. Оған І орынды иеленген 22 оқушы қатысатын болады.

 

Әйгерім БАЙДӘУЛЕТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT