Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұзақ жыл мемлекеттік қызметте еңбек еткен Мәлік Қуанышев пен Жолдас Ибрашевтің зейнеткерлік демалысқа шығарып салу шарасы болып өтті.

Онда алдымен сөз алған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

Өзіндік қиындығы мен қызығы мол мемлекеттік қызмет саласында еңбек ете жүріп, зейнеткерлікке шығу үлкен абырой. Алдағы уақытта да өздеріңіздің мол тәжірибелеріңізбен бөлісіп, қоғамдық жұмыстардан қол үзбейді деген сенімдемін. Бүгінгі Алғыс айту күніне орай, түрлі қызмет белесінен өтіп, құрметті демалыс кезеңіне жетіп отырған Сіздердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Бейнеттің зейнетін көріңіздер, - деді. Одан соң, қос зейнеткерге қазақы дәстүрмен иықтарына  шапан жауып, құттықтау хат табыс етті. Бұдан кейін аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жаудырды. Өз кезегінде қос зейнеткер құттықтаушыларға алғыс білдірді.

Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT