Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бөлімі, 87 бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36,36-1 бабына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы №438 Жарлығына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
2021 жылдың 3 наурыз күні Атырау облысы,Қызылқоға ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
1. Сайлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қосымшаға сәйкес «2021 жылдың 3 наурыз күні Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу және ұйымдастыру бойынша негізгі күнтізбелік жоспар» бекітілсін.
2. Келесідей сайлау шараларының өту мерзімдері анықталсын: Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылдың 1 ақпаннан басталып, 2021 жылдың 6 ақпанда аяқталады. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2021 жылдың 1 ақпаннан басталып, 2021 жылдың 16 ақпанда аяқталады.
3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Муканов