Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада “Пробация” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

ІІМ-нің 2020 жылғы 24-желтоқсандағы 243 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ-нің 2021 жылға арналған Операциялық жоспарының 99-тармағын орындау үшін, сондай-ақ, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы нұсқауына сай 2021 жылдың 15-24 наурыз аралығындағы қалалық және аудандық пробация қызметтерінде “Пробация” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобының инспекторлары мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе ауданымыздың шалғайында орналасқан Сағыз, Мұқыр, Жантерек ауылдарында тұратын пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша бірлескен тексерістер жүргізілді.

Тексеріс барысында есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындау керектігін, қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамауды ескертіп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді. Қазіргі уақытта Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобының есебінде барлығы 39 сотталған тіркеуде тұр.

Іс-шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық-жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып отыр.

С.Бисембаева,

Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобының

инспекторы әділет майоры 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521