Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бұзылған бөгет қалпына келді

Таяуда облыс әкімінің «Көктем – 2021» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі нұсқаулығына сәйкес аудандағы азаматтық қорғау қызметтері және аудандық жедел мән беру отрядының қатынасуымен практикалық оқу-жаттығуы өтті.

Онда шартты түрде су тасқынынан қорғау бөгетінің бұзылуы кезіндегі азаматтық қорғау қызметтерінің жедел қалпына келтіру жұмыстарын орындау және зардап шеккен халыққа көмек көрсету, құтқару жұмыстарының атқарылуы қарастырылды. Ойыл ауылдық округіне қарасты Аққора елді мекеніне көп мөлшерде су келу себебінен бөгетті бұзып, тұрғын үйлерді су басу қаупі төнгені туралы аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабар түсті. Орын алған төтенша жағдайға байланысты аудандық жедел авариялық құтқару топтары тасқын судан қорғау бөгетін қайта тұрғызу жұмыстарын қолға алды.

Нәтижесінде су тасқынынан бұзылған бөгет төрт сағат ішінде қалпына келтіріліп, тұрғын үйлер ауласындағы су арнайы техникалармен, мотопомпалар көмегімен қауіпсіз жерге төгілді. Ал, тасқыннан зардап шеккен елді мекен тұрғындары Миялы аулындағы Б.Аманшин атындағы орта мектепке орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Құтқару, медициналық жәрдем беру, көшіру, қоғамдық тәртіп сақтау жұмыстарына 52 адам және 18 арнайы техникалар мен автокөліктер қатысты. Оқу-жаттығу жиынын аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Марат Күзембаев тексеріп, бақылады.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521