Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

Елдің еңсесін биіктетіп, айбынын асқақтата түсетін Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне арналған салтанатты шара болып өтті.

6908997a-ddcb-43dd-9192-64c59a7e95a7
«Арман» мәдениет үйінде өткізілген айтулы шараның құрметті қонағы болып   Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов, Атырау қалалық мәслихат хатшысы Қаршыға Жауымбаев, қоғам белсендісі Сәкен Өскенбайлар қатысты. Еліміздің әнұраны орындалған соң сахна төріне көтерілген аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

-         Күні кеше еліміздің Конститутциямызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бүкілхалықтық референдум өтті. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың символына айналып, мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Маңызды таңдауда қалың жұртшылық зор жауапкершілік танытып, ел болашағына ешкімнің де бей-жай қарай алмайтындығын паш етті. Осы орайда, барша аудан тұрғындарын референдумға белсене қатысқандары үшін алғысымды білдіремін. Ауданымызды  одан әрі өркендетіп, экономикасы мен әлеуметтік жағдайын дамыта түсу үшін әлі көп жұмыстар атқару қажет. Біріге жұмылсақ, бұл міндетті еңсеретініміз анық. Ең бастысы, жаңа дәуірге жол ашылды.  Осы жолда бірлігіміз арта бергей. Мереке құтты болсын! Қасиетті Қызылқоға өлкесінің бағын асыратын, мерейін тасытатын барлық істе баршаңызға сәттілік тілеймін,- деген ізгі тілегін арнап, зейнеткер Дәметкен Кенжеғалиева, білім беру саласының ардагері Алма Бертлеуова, Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ақылай Қалиева, «Балкенже Данияр» шаруа қожалығының төрағасы Ыбырай Уақитов, Мұқыр орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі Жанар Едішеваларға Алғыс хатпен марапаттады.

 f89a5656-960e-4660-abf5-bd796208c50e

Бұдан кейін аудандық мәслихат хатшысының уақытша міндетін атқарушы Айбар Алтыбаев құттықтау сөз сөйлеп, бір топ сала ардагері, тәрбиеші, жеке кәсіпкер, қызметкерлерді Алғыс хатпен ұлықтады. Сөйтіп, салтанатты шара аяқталды.

4888c91c-1eb0-4f2a-a875-c51ffc14e005
Одан соң мерекелік концерт қойылып, «Халықтық «Ақжелең» фольклорлық ансамблмен бірге, аудан өнерпаздары тамылжыта ән салып, мың бұрала би билеп, күмбірлете күй төкті. Көңілге көрікті ой ұялатқан концерттен соң Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов сахна төріне көтеріліп, барша аудан тұрғындарына алғыс білдіріп,  мерекелерімен құттықтап, артынан ерген өнердегі ізбасарларымен  қосылып тамылжыта ән шырқады.

Осылайша, салтанатты шара өз мәресіне жетті.

 

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521