Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданына өнер мектебі қажет

Сағыз ауылдық округі – аудандағы ең үлкен округ. Онда іске асып жатқан жобалар да, шешімін күткен мәселелер де жетерлік. Міне, осы ауданның тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында аудан әкімі Қанат Әзмұханов аталмыш округке ат басын бұрды.

Жауапсыздыққа жол берілмеу керек

Алдымен Сағыз ауылдық округінде жаңадан салынып жатқан көпсалалы ойын алаңының құрылысымен танысқан аудан  басшысы құрылыстың баяу жүріп жатқандығын көзімен көріп, қынжылыс білдірді. Бұл ретте, аудан басшысы:

- Енді көп ұзамай жаз бітіп, күз басталады. Күн салқындамаса жылымайды. Неге мердігер компания құлықсыздық танытып жүр. Бастаған істі жоспарлаған уақытта бітіру міндеті. Жауапсыздыққа жол берілмеу керек. Жұмысты жандандырып, жоспарланған уақытта бітуді қатаң қадағалау қажет.- деді.

3b9650a4-324e-47f3-816f-3e2dc177e163

Бұдан кейін аудан әкімі көше жарық шамдары мен жаяу жүргіншілер жолы құрылысымен танысты. Сағыз ауылдық округінің әкімі Өтепберген Әділовтің айтуынша, құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер мекеме – «Гемакасес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Көше жарықшамдары  құрылысының қазіргі таңда бағаналарының 187 данасы орнатылды. Алайда жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жоспар бойынша орындалмай тұр. Жобаның аяқталуына екі  ай уақыт қалды. Мердігер мекеменің өкілі: «Белгіленген мерзім ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз»  деп сенім білдірді. Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды, салынып жатқан ауылішілік жолдардың үстінен ауыр техникаларды жүргізбеудің заңдылықтарын қарастыруды тапсырды.

6b3e5384-c63b-404f-9c14-3b96b5e305f2

Балалар Өнер мектебі қажет

Одан әрі аудан басшысы жаңадан пайдалануға берілген емхана жұмысымен танысты. Сағыз дәрігерлік амбулаториясының дәрігері И.Қосжанның түсіндіруінше,  50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның қазіргі жағдайы орташа деуге болады.  Себебі,  Сағыз ауылында медбикелерден бөлек жоғарғы білімді дәрігерлер тапшы. Сонымен қатар, амбулаториядағы рентген аппаратының ауылға құрылғылары келе тұра, оның пайдалануға берілмеуі көңілге кірбің ұялатады. Бұл жағдайды реттеу үшін аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы бойынша мамандар тартып,  барынша жұмыстануды, рентген аппаратын  қосуға бар мүмкіндікті пайдаланып, қолданысқа беруді тапсырды.

e6ca82b1-b2ce-4ea2-9aaf-c6abeb485aec

Несін жасырайық, балаларды өнерге баулып,  бірнеше республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттарын тәрбиелеп шығарған А.Өміров атындағы балалар Өнер мектебі  сыйымдылығы 60 адамға арналған ғимаратта 250-ге жуық бала оқытып жатқандығы ауыл тұрғындарының жанына қатты батады.

Аудан әкімі бұл ғимараттың жағдайын өз көзімен көріп, «Сағызда балалар Өнер мектебін салу мақсатында құрылыс жобасын жасақтап, қаржысын шешуді қарастырамыз» деді.

395ff926-f2e9-46b6-b92f-53601a6f41ed

Бұдан соң, аудан әкімі «Шұғыла» мәдениет үйінде Сағыз ауылының ардагерлерімен кездесті. Онда ауыл ақсақалдары рентген аппаратына маман табу, жаңадан вокзал салу, көз дәрігері, бұрынғы темір жол өткелін іске қосу, жас отбасыларға жер беру, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, кадр мәселесін ретке келтіру, ауыз судың толықтай жетпейтіндігі, тракторшының тапшылығы тағы да басқа мәселелерді қозғады. Ауыл ақсақалдарының мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы:

-  Барлық айтылған ұсыныс-пікірлеріңіз орынды. Мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады. Алдағы уақытта Сіздердің алдарыңызда жасалған жұмыстарымызды жария етіп отырамыз. Басқа уақытта да айтылар ұсыныс-пікірлеріңіз болса әрқашан есігім ашық. Сағыз ауылында жасалып жатқан жобалар көп. Олардың сапалы да уақытылы бітуіне Сіздердің де атсалысып, қадағалап отырғандарыңыз дұрыс. Себебі, барлықтарыңыз осы ауылда тұрғаннан кейін артына сөз келмейтіндей жасалған ортақ іс болып есептеледі. Әрдайым, бірлесіп жасалған істе береке де, мереке де болатыны анық, -деді. 

Ауыл ақсақалдарының батасын алғаннан кейін аудан әкімі ауылішілік жолдары, 225 жер теліміне жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым, спорт алаңы  құрылыстары, су айдау стансасы, темір жол өткелі, вокзалы,  №9 орта мектеп, 1-2 ауыл электр желісі, «Кереген» су айдау кешені жұмыстарымен танысып, тиісті тапсырмаларын берді.

 

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT